Матчтың басында қорғанысқа бекініп, біршама уақыт гол жібермеуді ойлаған жастарымыз міндеттерін жақсы орындап жатты. Бірақ Дарко Чурлинов алыстан керемет гол салып, қазақ жастарының қорғаныста әлсіз екенін көрсетті. "Штутгарт" командасында ойнайтын жас футболшы деңгейі жағынан бір бас жоғары екенін айқын көрсетті. Себебі ойынның 48-минутында ол дубль жасады. Ал оның ортасында Яни Атанасов пенальтиді голға айналдырды. Айта кетуіміз керек, қақпашымыз Мұхаммеджан Сейсен бұл пенальтиді алғашқыда қайтарған еді. Алайда Атанасов қайтып келген допты тағы да теуіп голға айналдырды.
Есеп 0-3 болып тұрған шақта Оралхан Өміртаев әдемі гол салып, есеп айырмасын қысқартты. Араға бір минут салып Құлшынбаевтың шәкірттері құлшынып шабуылға шығып, 11 метрлік айып добын тебу құқығына ие болды. Осы жерде матчтың тағдыры шешілді. Артур Шученашев тепкен допты қақпашы қайтарды. Қайтып келген допты Оралхан Өміртаев баспен соғып, гол қылды. Бірақ ол пенальти тебу кезінде ерте жүгіріп кетіп, офсайдта қалып қойған екен. Сол үшін төрешімен салғыласып, екінші сары қағаз алды. Негізгі шабуылшымыз алаңнан қуылған соң артынша қорғаушы Рауан Орынбасар да қызыл қағаз алды. Есеп 1-4 Македония құрамасының пайдасына. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу енді мүмкін емес. Өкінішті.
Македония жастары ірі денелі, әрі шеберліктері жоғары екені байқалды. Демек қазақ футболының деңгейі осы. 5-6 жылдан соң осы жастар ұлттық құрамаға алынғаннан кейін де біздің команда осылай жеңіліп жүре береді. Алдағы 5-6 жылда Қазақстан құрамасынан жеңіс күтпеңіздер.
Қазақстан U-21 – Солтүсітік Македония U-21 – 1:4
Голдар: Оралхан Өміртаев 52 – Дарко Чурлинов 38, 48, Яни Атанасов 42, Димитар Митровски 67
Соғылмаған пенальти: Артур Шушеначев 55
Ескертулер: Оралхан Омиртаев 22, Данияр Усенов 50 – Агрон Руфати 54, Лявдрим Фазлию 90+3
Алаңнан қуылғандар: Оралхан Өміртаев 56 (екінші ескерту), Рауан Орынбасар 70
Қазақстан U-21: Мұхаммеджан Сейсен (Қ) (К) – Талғат Кусяпов (Роман Асранкулов 46), Рауан Орынбасар, Әлібек Қасым, Аслудин Хаджиев (Дінмұхамед Қашкен 70) – Эльхан Астанов (Наурызбек Жагоров 46), Адам Адахаджиев, Акмаль Бахтияров (Данияр Усенов 40), Еркебұлан Сейдахмет (Рамазан Кәрімов 78) – Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев;
Резерв: Бекхан Шайзада (В) – Сағадат Тұрсынбай, Лев Скворцов – Мәди Жақыпбаев;
Аға бапкер: Алмас Құлшынбаев.
Солтүстік Македония U-21: Ристо Янков (В) – Филип Антовски (Томче Гроздановски 73), Агрон Руфати (К), Эсмин Личина, Тодор Тодороски – Давор Здравковски, Яни Атанасов, Эртон Дачи (Боян Миовски 62) – Дарко Чурлинов (Лявдрим Фазлию 83), Димитар Митровски (Кристиян Ацковски 74), Марко Гьоргиевски (Давид Тошевски 62);
Резерв: Давид Денковски (В), Марко Алчевски (В) – Оливер Стойменовски, Блертон Шейи;
Ермұхамед Мәулен