"Жаттықтырушылар да жанжалдасты": Әлем чемпионатында жаппай "төбелес" оқиғасы тіркелді

Осыған дейін Канаданың Қатар қақпасына жауапсыз 6 гол соққанын жаздық.  

"Жаттықтырушылар да жанжалдасты": Әлем чемпионатында жаппай "төбелес" оқиғасы тіркелді Фото: vietnam.vn

Дәл осы қос құрама арасындағы матчтан соң алаңда жаппай жанжал шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ойын 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында өтті. Келіспеушілікке футболшылар ғана емес, жаттықтырушылар штабының мүшелері де араласуға мәжбүр болды.

Жанжал бас бапкерлер канадалық Джесси Марш пен қатарлық Хулен Лопетеги арасындағы сөзге келіспеушіліктен бастау алған. Ванкувердегі "Би-Си Плэйс" стадионында өткен кездесуде Канада құрамасы қарсыласын 6:0 есебімен ойсырата жеңгенін жоғарыда жаздық.

Осы матчта Қатар құрамасы 9 ойыншымен қалды. Кездесудің 33-минутында Хомам Әл-Амин тікелей қызыл қағаз алып алаңнан қуылса, 52-минутта Ассим Модибо канадалық Исмаэль Коне ауыр жарақат алған өрескел ереже бұзғаны үшін ойыннан шеттетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу