Астана қаласының әкімдігі "Қаланың ДНК-сы: Қауымдастық. Бизнес. Билік" атты алғашқы урбанистік форум өткізді. Форум мемлекет басшысының елорда тұрғындарының өмірі мен қоғамдық көлік жүйесін жақсарту және қаланың қоғамдық көлік кеңістігін дамыту, қаланың еуразиялық керемет сәулетін сақтау мақсатындағы тапсырмасы бойынша өтті.
Форумға Рикардо Марини, Филипп Мейзер сияқты шетелдік сәулетшілермен қатар отандық және шетелдік сарапшы-урбанистер қатысты.
Форумның ашылу салтанатында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мемлекет басшысының қаланы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына сай тапсырмасын орындау жайын сөз етті. Бағдарламада тұрғындардың әлеуметтік жағдайына байланысты екі басты басымдық – қала тұрғындарының өмірін жақсарту және халықтың табысын өсіруге мән берілген.
"Бірінші бағыт бойынша әкімдік қаланың қоғамдық көлігіне әлеуметтік 34 қолайлылыққа қол жеткізуге мән береді", – деп түсіндірді қала әкімі.
Дәл қазіргі уақытта қалада урбанистика орталығы жұмыс істейді. Сонымен бірге заманауи технологияларды құрылыс, жол және елорданың инфрақұрылымдық нысандары саласын енгізу орталықтары құрылуда.
Астана қаласының әкімі әлемдік стандарттарға сәйкес жоспарлау жүйесінің өзгергендігін айтты. Оның ішінде қаланың шеберлік-жоспарын дамыту, жоспарлаудың нормативтік базасының өзгергені, қала аудандарын, көшелерін жоспарлау бар.
"Жаңа нормативтік құжаттар мен шеберлік-жоспарларын әзірлеумен қатар қала әкімдігі қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауы қажет. Бұлардың ішінде спорт және қыдыру алаңдарын құру, Қабанбай батыр даңғылының бойына жаяу жүргіншілер мен велосипед жолын жасау, "Арбат" жобасы бар", – деді қала әкімі.
Сонымен бірге қала тұрғындары ескі апатты тұрғын үйлердің орнында саябақ пен спорт алаңдарының болғанын қалайды. Әңгіме Есіл өзенінің оң жағалауы жайында болып отыр. Оң жағалаудағы ескі тұрғын үйлердің орнына 9-32 қабатты тұрғын үйлер тұрғызылған. Автокөлік санының көбейгеніне қарамастан, көлік жүретін жер кеңейтілмеген. Мұның барлығы жол кептелісіне алып келеді. Қала билігі өзінің қателігін енді түсінген сияқты.
Ескі апатты тұрғын үйлердің орнына саябақ, спорт алаңдары салынады деп отыр. 2017 жылы 17 саябақтың құрылысы басталды, оның 10-ы осы жылы салынып бітеді.
"Ескі тұрғын үйлерді бұза бсатағанда қала тұрғындарымен сөйлестік. Олар осы бос орындарда инфрақұрылымы бар жаңа тұрғын үйлердің болғанын қалайды. Осыған қарап қала тұрғындарының оң жағалауда шағын сабақтар мен спорт алаңдарының болғанын қалайтынын түсіндік", – деді Әсет Исекешев.
Форум барысында урбанист-сәулетшілер қаланың еуразиялық керемет сәулет стилін атап кетті. Осыған орай олар өздерінің ұсыныстарын да айтты. Филипп Мейзер Астананың негізінде еуразиялық қала бейнесін жасауды ұсынды. Ол Астананың стилі Еуразияның басқа қалалары үшін үлгі болатынына тоқталды.
Пікірталас барысында қатысушылар қаланың сапалы ортасы неден құралатынын, қала тұрғындары мен қала билігі арасында диалог қалай жүріп жатқанын талқылады. Осындай мәселелерді қарастыратын жиын жыл сайын өтеді деп жоспарланды.
Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев