Жазира Орақбаева Азия чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады

178

Бұрымды боксшымыз жекпе-жек барысында жарақат алып қалды. 

Жазира Орақбаева Азия чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады Фото: ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық дода World Boxing ұйымының қолдауымен өтуде. Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға 51 келі салмақта Жазира Орақбаева шықты. Оның қарсыласы Солтүстік Корея өкілі Ан Кум-биол болды.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы алғашқы екі раундтың қорытындысы бойынша есепте алда келе жатқан. Алайда шешуші үшінші раундта алған жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмай, айқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Орақбаева турнирдегі өнерін аяқтады.

Сондай-ақ бүгін тағы бір қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. 54 келі салмақта 1/8 финал аясында Элина Базарова үндістандық Прити Притиге қарсы жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, жеребе қорытындысы бойынша бірден төрт боксшымыз жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медаль алады. Ал қалған 14 боксшымыз алдағы күндері шаршы алаңға шығатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу