Компания мәліметінше, мемлекеттік органдар жүргізген тексеру пайдаланушылар үшін өзекті қауіптердің жоқ екенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің және ҚР ҰҚК қызметкерлері "Күнделік" ЖШС-ны пайдаланушылардың жеке деректерінің ықтимал тарап кетуі туралы Telegram мессенджерінде таратылған мәлімдемелерге қатысты тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз.
Тексеру нәтижелері бойынша қоғамдық талқылауға түскен ақпарат "Күнделік" жүйесінің 2016 жылғы пайдаланушыларына тиесілі тек тіркеу деректеріне қатысты екені анықталды. Аталған деректер қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтқан және пайдаланушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді. Атап айтқанда, пайдаланушылардың аты-жөні, сыныбы мен мектебі, сондай-ақ, парақшаларға сілтемелер бүгінде жарамсыз болып табылады және жұмыс істемейді. Нақтысында, 2016 жылы тіркелген аккаунттар қазіргі таңда оқуын аяқтаған немесе көрсетілген деректер бойынша сәйкестендіру мүмкін емес ересек адамдарға тиесілі, себебі кейін олардың аккаунттары пайдаланушылардың жүйеге алғашқы авторизациясы кезінде автоматты түрде шифрланған", – делінген компания хабарламасында.
Сонымен қатар, 2016 жылы тіркеу деректерін жинау мектептер мен ата-аналар арасында білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттарды жасау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтеміз.
"Аты-жөні, сыныбы және мектебі туралы деректерді оқушыларды қабылдау мен ауыстыру процесін қамтамасыз ету мақсатында жүйе әкімшілері – мұғалімдер мен мектеп әкімшілері жинаған.
Сондай-ақ, мұндай тіркеу деректерінің сынып жетекшілері тарапынан ата-аналар чаттарында Whatsapp және Telegram сияқты мессенджерлер арқылы өзге де білім беру жүйелерінде кеңінен қолданылатынын атап өтеміз. Бұл деректерге қолжетімділік авторизацияланған ортада беріледі, алайда кей жағдайларда пайдаланушылар "цифрлық гигиена" қағидаларын сақтамауы олардың аккаунттарының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін", – деп қосты компания.
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті персоналды қорғау шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берді, және біз Комитетпен және ҚР ҰҚК-нің "Мемлекеттік техникалық қызметі" акционерлік қоғамымен ынтымақтастықта қажетті шараларды қабылдаймыз.
Қорытындылай келе, "Күнделік" компаниясы тексеру нәтижелері туралы ақпараттың кейбір Telegram арналар мен бұқаралық ақпарат құралдарында тексеру толық аяқталмай және тиісті актілерге қол қойылмай тұрып жарияланғанын тіркейді.
"Біз мұны компаниямызды және Қазақстандағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – "Күнделік" жүйесін дискредитациялауға бағытталған әрекет ретінде бағалаймыз. Компания заңнамада көзделген барлық құқықтық қорғау тетіктерін қолдану құқығын өзіне қалдырады", – деп қорытындылады компания.