Жеке тұлғалардың депозиттік қоры 8,6 трлн теңгеге жетті

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
3658

Депозиттерден 50 млн теңгеден асатын салымдар шешіліп жатыр.

Жеке тұлғалардың депозиттік қоры 8,6 трлн теңгеге жетті

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың депозиттегі салымы алдағы уақытта 9 трлн теңгені құрауы мүмкін. Бұған қазіргі көрсеткіш негіз болып отыр.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметінше, биылғы жылдың екінші тоқсанының алғашқы айы депозит нарығының өсімімен басталған. 

"Жыл басында жеке тұлғалардың депозиттік қоры төмендеп, мамандардың алаңдаушылығын туғызған еді. Сәуірде теңгемен ашылған депозиттердегі қаражат көлемі 0,4%-ға, 32 млрд теңге өсіп, 155 миллиард теңгеге жетті.

Теңгедегі жинақ депозиттерінің портфелі 26%-ға өсіп, теңгедегі дәстүрлі мерзімді емес депозиттер 2,8%-ға көбейді. Абсолюттік мәнде жинақ депозиттері 22 млрд теңгеге ұлғайды. Салымшылар ұлттық валютамен ашылған депозиттерде 20 млн теңгеге дейінгі жинақтарын сақтайтын болды", – деп хабарлады ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

1-кесте

Белгілі болғандай, депозиттік шоттардың  95%-ы ұлттық валютамен ашылған. Осылайша банктерде теңгенің тұрақты қоры қалыптасқан.

"Өткен айда ұлттық валютамен ашылған депозиттердегі қаражат 123 млрд теңгеге азайды. Бұған қоса депозиттерден 50 млн теңгеден асатын валюталық салымдар жылыстады", – деген ақпарат таратты ҚДКБҚ.

 2-кесте

Бірінші мамырдағы мәлімет бойынша, 20 миллион ақшасы бар  жеке тұлғалардың депозиттерін долларға айналдыру көрсеткіші 43%-ға төмендеген.

"Депозиттік қор сегментінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 24%-ды құрайды, ал ірі салымдар сегментінде депозиттердің доллармен сақталу көрсеткіші 71% болып тұр", – деп жазды қордың ресми ресурсы.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу