"Желтоқсан көтерілісін неге ұлт азаттық көтеріліс ретінде танымаймыз?!"

2722

Желтоқсаншыларға алаң ашылып, монумент орнатылуға тиіс. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса осындай бастама көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Желтоқсан көтерілісін неге ұлт азаттық көтеріліс ретінде танымаймыз?!"

"1986 жылы әлемдік алпауытқа айналып тұрған қаһарлы Кеңес империясынан теңдік сұрап, азаттық үшін алаңға шыққан көтеріліске биыл –  35 жыл. Жетпіс жылдық тас бұғау да жігерін жасыта алмаған, ұлттық намысын тұншықтыра алмаған қазақ жастары алаңға шыққан күн – Тәуелсіз ел үшін ең қастерлі күндердің бірі болуға тиіс! Қазақ жастары қылышынан қан тамған кеңес империясы кезінде алаңға жан немесе нан үшін шыққан жоқ, намыс үшін шықты! Пұл сұрап шыққан жоқ, Тіл сұрап шықты! Жоғалып бара жатқан ұлттық рухтың алаңға шыққан аттаны еді бұл! Қазақ жастары қызыл қанын төгіп жүріп, Қызыл империядан талап еткен ұлт мүддесі қазір Тәуелсіз Қазақ елінде қорғалып жатыр ма? Ең бастысы,Тәуелсіздік жолында құрбан болған Желтоқсан қаһармандарының қазіргі жағдайы қалай?..", – деді Қазыбек Иса үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында.

Мәжілісмен желтоқсан оқиға емес, көтеріліс екеніне назар аудартты. 

"Кеңес Одағының қызыл империясына қарсы шыққан Желтоқсан көтерілісін неге ұлт азаттық көтерілісі ретінде танымаймыз?! Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен кейін болған, қазақ жастарының қаһармандығынан қуат алған Баку, Тбилиси, Вильнюс қалаларындағы оқиғаларға өз елдерінде ұлт азаттық көтеріліс ретінде заңды баға беріліп, ЮНЕСКО деңгейінде мойындалды. Ел тәуелсіздігі жолындағы нағыз көтерілісте мерт болған Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларға неге "Халық Қаһарманы" атағын бермеске?", – дейді Қазыбек Иса. 

Қанат Махамбет

Фото:kunayev.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу