Желтоқсанда бағамды дөп басқан кім

Сара Бухина Сара Бухина
2617

Abctv.kz желтоқсан айындағы теңгенің доллар мен ресейлік рубльге қатысты валюта бағамының нақты шолуын ұсынады. 

Желтоқсанда бағамды дөп басқан кім

Қарашада өткен ОПЕК отырысы нәтижесін қолдаған энергия тасымалдаушылар бағасы өткен жылдың соңғы айында қазақстандық валютаға әсер етуші негізгі фактор болды. Желтоқсанда мұнай бағасына "қара алтынды" өндіру деңгейін қысқартуға қатысты келісімді ұзарту ғана емес, сонымен қатар АҚШ-тағы мұнай қоры туралы статистика және Forties құбыры желісіне қатысты проблемалар әсер етті. Бір ай ішінде біршама құбылмалы болғанына қарамастан, 2017 жылды ойдағыдай аяқталды. Жылдың соңғы жұмыс күнінде Brent пен WTI 2015 жылдың маусымындағы деңгейден жоғары бағада саудаланды. Бұл айдың ортасында теңгенің долларға қатысты әлсіреген бағамын нығайтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ рубль мен доллар бағамын белгілеуге әлемдік орталық банктердің отырысы да ықпал етті. Жалпы желтоқсан айының соңына қарай теңге 2017 жылдың қаңтарындағы деңгейге қайтып келді. Яғни жылдың соңғы жұмыс күнінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 331,31 теңге болды.  

Есте қаларлығы, теңгенің долларға қатысты консенсус-болжам бағамы бір ай бұрынғы сияқты желтоқсан айында нақты бағамнан біршама алшақ болды. Осыған қарамай, кейбір сарапшылар валюта болжамын нақты жасау тенденциясын сақтады. Айдың үшінші аптасының қорытындысы бойынша жасалған консенсус-болжам нақты болды, бұл кестеде нақты көрсетілген. Ал жылдың соңғы аптасындағы жағдай тіпті консенсус-болжам қорытындысынан да жақсы болды. Теңге/рубль валюта жұбы бойынша болжамға тоқталар болсақ, онда сарапшылардың айтқандары тек желтоқсанның екінші аптасында ғана сәйкес келмеді. Қалған уақытта консенсус-болжам ауытқымалығы кестеде Ұлттық банктің орташа апталық ауытқымалық бағамына жақын болды.

Нақты болжам жасаушыны анықтау үшін біз үнемі Ұлттық банктің теңгенің доллар мен рубльге қатысты орташа апталық ресми бағамының мәніне сүйенеміз. Сарапшылардың көбісі валюталық шекті беретіндіктен, біз орташа арифметикалық мәнді жинақтап, есептеп шығардық та, осыны консенсус-болжаммен және нақты апталық бағаммен салыстырдық.

Бұл тәсіл әрдайым шынайы нақтылықты көрсете бермейді және abctv.kz командасы сарапшылардың және оқырмандардың тарапынан жасалатын ұсынысты қабылдайды. Аbctv.kz болжамдарды жариялап, оны нақтылығына баға бергенде, тек ақпарат  беруді басшылыққа алады.

Субъективті пайымдарды қойып, сіздердің назарларыңызға теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұбына арналған екі кестені ұсынамыз. Толық танысу үшін желтоқсан айындағы барлық кестені көруге болады. 

Гүлназ Ермағанбетова, Сара Бухина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу