Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті. Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.
Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды – 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды – 1:39:01.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу