Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесінің жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық спортшының жарыста киген аяқ киіміне байланысты наразылық білдірілген. Кейін Ясмина Тоқсанбаева өзінің көрсеткен нәтижесінің жойылғанын хабарлады.
"Осындай қысқа мерзімді эмоциялар үшін кешіріңіздер. Мен алтын медальді қатты сыйлағым келді. Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік", – деп жазды Ясмина Тоқсанбаева Instagram парақшасында.
Азиада-2026 ресми сайтында әлі де жаңартылған қорытынды хаттама шыққан жоқ. Алайда наразылыққа байланысты Тоқсанбаеваның медалі басынан бастап Қазақстан қоржынына есепке алынбаған болатын.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған еді. Отандық спортшы марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен өткен жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли үздік үштік қатарынан көрінді.