Жеңіл салмақтардың қысқартылуы қазақ боксшыларына қиын бола ма

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3302

Токио Олимпиадасында боксшылар тек сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынайтын болды.

Жеңіл салмақтардың қысқартылуы қазақ боксшыларына қиын бола ма Фото: kfb.kz

Жақында Халықаралық Олимпиада комитетінің (IOC) Атқару комитеті боксшылардың ерлер арасындағы салмақ дәрежелерін қысқартқан болатын. Бұл, әрине, біраз боксшының "Олимпиадаға қатыссам" деген асқақ армандарының тамырына балта шабатын болды. Әсіресе, 49 және 60 келідегі боксшыларға қиын болар-ау.

Бұл салмақтардағы егде боксшылардың көбісі былғары қолғаптарын шегеге іліп, спорттық мансаптарын тәмамдаса да таң қалмаймыз. Әрине, ең жеңіл салмақтағы боксшыларға 52 келі салмақ дәрежесінде де өнер көрсету де қиын болмас. Бірақ енді бұл салмақтағы бәсекелестік екі есе арта түседі ғой.

Үр жаңа 57 келіде де бәсекелестік мейілінше қыза түсетін болады. Себебі бұрынғы 60 келідегі боксшылардың кейбіреулері салмақ қуып, осы салмақта өнер көрсетулері де әбден мүмкін емес пе? Ал 63 келідегі бәсеке көрігі қандай боларын көз алдымызға елестудің өзі қиын...

64 келідегі жас боксшыларымыздың көбісі 69 келі салмақ дәрежесіне ойысатын шығар. Ал онда (69 келіде) бәсекелестік – онсыз да өте жоғары деңгейде. Сондықтан, бір келі салмақ қуып, 63 келіде бақ сынауды жөн көретіндері аз бола қоймас. Десек те, бәріне уақыт – төреші...

Кім біледі, бәлкім, әлемдегі біраз боксшы "қайдан ғана келіп еді, мына қыздар боксқа" деп, зар илеп жүрген де болар. Бұлай дейтін себебіміз, ерлер арасындағы салмақ дәрежелерінің қысқартылуы гендерлік теңдікті ұстану мақсатында жүзеге асырылып отыр. Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері көбейтіліп келеді.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу