Жеңіліп жатып жігер таныттық

1588

Қазақстан футзал құрама командасы EURO 2022 додасын тең нәтижемен бастады. Бапкердің жоқтығы әсер етті. 

Жеңіліп жатып жігер таныттық

Матчтың бастапқы бөлігінде Словения құрамасы баса-көктеп шабуылдар ұйымдастырды. Алайда, қақпашымыз Игита жақсы сейфтер жасап, қорғаныстағы жігіттерге сенімділік берді. Бірақ, ойынның 11-минутында Словения ойыншысы Тотошкович кездесудің есебін ашты. Осы тұста Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов дөрекі ойнап, алаңнан қуылып кетті. Есесіне бұрыштама добы кезінде Дуглас допты тоқтатпай теуіп, таразы басын теңестірді. Бірінші тайм 1:1 нәтижесімен аяқталды.

Ал екінші таймның басында Словения құрамасы қайтадан алға шықты. Фидершек қақпашымыздан айласын асырып кетті. Командамызға жаңадан алынып, дебют жасаған Эдсон қателесіп, соның қателігі түбі қиын жағдайға душар еткізді. Біржан Оразов арасында бір доп салып, матчтың есебі әлі талай өзгеретінін байқатты. Одан кейін Словения футзалшылары тағы бір гол салып, тоблодағы көрсеткішті 3:2 қылды. Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады демекші матчтың 33 минутында қарсылас ойыншысы Турк төртінші голды салды. Қазақстан құрамасы әлбетте, мұндай жағдайды күткен жоқ.

Дегенімен, ковид жұқтырған ойыншылар мен бапкер Каканың жоқтығын білдіртпеуге тырысқан ойыншыларымыз намысқа тырыстын. Қарбаласқан сәтте ептілік көрсеткен Жомарт Тоқаевтың әдемі голы үміт отын қайта тұтатты. Кежегесі кейін тартқан словениялықтардың салысы суға кете бастап еді, отандастарымыз қарсыластың осал тұсынан шабуылдай берді. Қапталға пас берген болып, ортадан соққы жасап үйреніп алған Қазақстан құрамасы Дугластың жойқын соққысының арқасында есепті теңестіріп тастады. Таблодағы 4:4 көрсеткіші сол күйі қалды. Қазақстан қоржынына жалқы ұпай түсті. Ол да болса жаман емес. Себебі, Қазақстан құрамасы бұл матчта 2 доп айырмасымен жеңіліп жатты.

Қазақстан құрамасы енді, 24 қаңтар күні Финляндия құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан – Словения 4:4 (1:1)

Голдар: Тотошкович 11 (0:1), Дуглас 16 (1:1), Фидершек 23 (1:2), Оразов 25 (2:2), Чех 31 (2:3), Турк 33 (2:4), Тоқаев 36 (3:4), Дуглас 39 (4:4)   

ЕскертулерТайнан 32, Оразов 37    

ЕскертулерАқбалықов 12 (өрескел ойнады)  

Қазақстан: Игита (к), Атантаев – Тайнан, Акбаликов, Дуглас, Оразов, Карагулов, Эдсон, Валиуллин, Есенаманов, Турсагулов, Токаев    

Бас бапкердің көмекшісі Коридзе (Ресей)

Словения: Берзелак, Ловренчич – Турк, Осредкар (к), Хозян, Врховец, Ковачич, Буковец, Тотошкович, Фетич, Чех, Фидершек 

Бас бапкер – Томислав Хорват 

ТөрешілерПелиссье, Берг-Одик (Франция)

20 қаңтар 2022. Гронинген (Нидерланд). "Мартини Плаза".

Ермұхамед Мәулен