Қазақстандық маман аталған қызметке 2024 жылдың қазан айында тағайындалған еді.
Одан кейін командадағы АҚШ, Канада елдерінен келген хоккейшілерден бас тартты.
Елордалық клуб сапында негізінен қазақстандық жастарға көңіл бөлді. Сондай-ақ, олармен бірге ресейлік хоккейшілер де ойын көрсетті.
Нұрлан Оразбаев 1968 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында қарағандылық "Автомобилист", теміртаулық "Болат" және елордалық "Барыс" командаларында ойнады.
2006-2012, 2013-2015 жылдарда елордалық клубтың президенті қызметін атқарды.
Биыл "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12-орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.