"Жеңіс" Астанада сенсация жасады

209

"Жеңіс" ҚПЛ-дың 22-туры аясында "Астананы" тізе бүктірді.

"Жеңіс" Астанада сенсация жасады Фото: kff.kz

Астана Аренада өткен дерби 3:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

"Астана" 14-минутта Нұрәлі Жақсылықовтың голының арқасында алға шықты. 60-минутта Элгуджа Лобжанидзе есепті теңестірді. Ал 74-минутта грузин шабуылшысы "Жеңісті" алға шығарды.

81-минутта Назми Грипши пенальтиден гол соғып, есепті қайта теңестірді. Ал "Жеңіске" 94-минутта белоруссиялық Всеволод Садовский жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, "Жеңістің" бас бапкері Андрей Демченко екінші таймда қызыл қағаз алып, өз клубының ойыншылар орындығынан қуылды.

Осылайша, "Астана" 43 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. Ал "Жеңістің" еншісінде 31 ұпай бар, олар жетінші сатыда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу