Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

1928

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын" деген  Мемлекет басшысы 8 желтоқсанда қол қойған жарлық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz. 

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды Фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

2019 жылдың 19 қыркүйегінен 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Қарағанды облысының әкімі болды.

Қасымбек Жеңіс Махмудұлы 1975 жылы Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1997 ж. – Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "сәулетші-дизайнер" мамандығы бойынша бітірген.

2001 ж. – Л. Гумилева атындағы  Еуразия ұлттық университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару жөніндегі экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.  

Еңбек жолы:

1997-1998 жж. – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында тәлімгер-зерттеуші. 

1998 ж. – "Темірбанк" ААҚ бас банкир.

1998-2000 жж. – Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде бөлім басшысы.

2000-2004 жж. – директор Департамента водного транспорта МТК Республики Казахстан. Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің су көлігі департаменті  директоры. 

2004-2005 жж. – "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры.

2005 жылдың 4 қарашасы – 2009 жылдың 11 наурызы – ҚР көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдың 11 наурызы – 2014 жылдың 7 наурызы – ҚР көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы.

2014 жылдың 7 наурызы – 2014 жылдың 8 шілдесі - ҚР көлік және коммуникация министрі, 2014 жылдың 4 сәуірінде осы лауазымға қайта сайланды.

2014 жылдың 1 тамызынан – 2016 маусымына дейін – ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары.

 2018 жылдың 21 маусымы – 2019 жылдың 25 ақпаны – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2019 жылдың 19 қыркүйегінен бастап - Қарағанды облысының әкімі.

Басқа қызметтері:

2005 жылдың желтоқсанынан – "ҚазТрансКөлік" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі- төрағасы, 2017 жылдың наурызында қайта сайланған.  

2006 жылдың сәуір-маусымы – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.  

2006 жылдың маусымынан – "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.  

2019 жылдың 29 сәуірінен – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.   

Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені, "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу