"Астана Аренада" өткен ойынның алғашқы минуттарында қонақтар қауіпті шабуылдар жасап, өткірлігімен көрінсе, тайм соңына қарай алаң иелері басымдылықты өз қолдарына алды. Жарап тұрған тұлпардай ойқастаған Томасов қапталдан ортаға ойысып жойқын соққымен есеп ашты. Гол кемпірқосақтың керілгеніндейі әдемі болды. Кейіннен сол томағасын сыпырып жемтігіне түйілген Томасов айып алаңына пас асырды. Баспен гол соғуды бірінші сыныптан бері меңгеріп келе жатқан Юрий Логвиненко белоруссиялықтардың қақпасына екінші голды салды. Ал ойын нүктесін мұз аралынан келген Мар Сигурьонсон қойды.
Енді араға апта салып командалар Борисов қаласында жауапты ойын өткізеді. "Астана" 3 доп айырмасымен жеңілмесе Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады.
"Астана" - БАТЭ (Борисов, Беларусь) - 3:0
Голдар: Марин Томасов 23, Юрий Логвиненко 44, Рунар Мар Сигурьонссон 52 (пенальти)
Ермұхамед Мәулен