Қазақ балуаны француз қарсыласын 7 секунд қалғанда сұлатып түсірді

2525

Ол франциялық Валид Хиярдан басым түсті.

Қазақ балуаны француз қарсыласын 7 секунд қалғанда сұлатып түсірді Фото: Olympic.kz

Дзюдодан қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

66 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда татами иесі, франциялық Валид Хиярдан басым түсті.

Кездесу барысында шидо саны бойынша жеңіліп жатқан Қырғызбаев белдесу соңына қарай қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, ширек финалда отандасымыз Олимпиаданың басты фаворитін жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу