Жеңісті бермеді: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададан ертерек елге қайтады

1837

Отандасымыз аса ауыр салмақ дәрежесінде (+92 келі) испаниялық Аюб Гадфа Дриссидеге қарсы жекпе-жек өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеңісті бермеді: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададан ертерек елге қайтады Фото: azattyq.org

Алғашқы раундта боксшылар аса сақ қозғалды. Аз соққы жұмсап, көбірек бақылады.

Испан боксшысы белсендірек көрінгенімен, төрешілер бұл раундта жеңісті Қамшыбекке берді.

Жеңіліп жатқанын білсе керек, Аюб екінші раунд бастала салысымен ашық төбелеске көшті. Алайда, Қоңқабаев сауатты қозғалып, қарсы шабуылда соққыларын дәл тигізіп отырды. Бірақ, төрешілер бұл раундта испан боксшысы басым болды деп шешкен.

Ал, үшінші раундта Қамшыбек өзі бірінші номерде жұмыс істеді. Оның бүйірден соққан соққылары дәл тиіп, қарсыласын есеңгіретіп тастаған. Соған қарамастан төрешілер испан боксшысы жеңді деп, соның қолын көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу