3-ЖЭО-дағы ірі апат салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалды

830

Бір сағат бұрын 3-ЖЭО-да болған ірі апат салдарынан қалада электр жарығы өшкен. 

3-ЖЭО-дағы ірі апат салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалды Фото: inbusiness.kz

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, жоғары вольтты желіде ірі апат болып, 3-ЖЭО-да қорғаныс істен шығып, 220 вольттық электр қуаты өшіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаланың барлық аудандарында электр жарығы жоқ. Байланыс пен суық сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады. Қаладағы бағдаршам істен шыққан.

"Себептері мен мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ электр қуатынсыз қалған абоненттер саны да анықталуда", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қарағанды ​​қаласының ЖЭО-3 және Топар ГРЭС-2-де төтенше жағдай орын алды. Қазіргі уақытта Топардағы ГРЭС-2 жүктемені арттыруда. Менің тапсырмам бойынша бірінші орынбасарым Вадим Басин оқиғаның мән-жайын анықтау үшін станцияға барды", - деді журналистерге Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

"Қазір "KEGOC" АҚ және станциялармен бірлесіп, қысқа мерзімде өңіріміздегі тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету және жүктемені арттыру үшін барлық шаралар қабылдануда", - деп қосты әкім.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысындағы МАЭК-те ірі апат болып, өңір халқы жарықсыз қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу