Жер сілкінісі кезінде Есік қаласында әуе дабылы неге қосылып кеткен?

433

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.  

Жер сілкінісі кезінде Есік қаласында әуе дабылы неге қосылып кеткен? Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ басшысы көп қалада сиреналық құрылғылар мен ескерту жүйелері жеткілікті деңгейде емес екенін жеткізді.

"Көп қалада мұндай жүйелер жоқ. Қосымша жұмыс қажет. Біз жұмыс істеп жатқан бағдарлама бар. Біз жүзеге асыратын заманауи шешімдер бар. Әуе дабылын кім қосады дегенге келсек, оны қолмен де, автоматты режимде де қосуға болады. Алматы туралы айтатын болсақ, 5,5 баллдық жер сілкінісі кезінде ол автоматты түрде қосылады. Қажет болған жағдайда кезекші бөлімдегі қызметкерлеріміз де оны өз бетінше қоса алады", – деді Шыңғыс Әрінов.

Министр Есік қаласы бойынша тексеріс жүріп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу