Жерасты ұлттық байлығымызды ең бірінші мемлекеттік компанияларға беру қажет

614

Премьер-министр "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясын қолдауды және дамытуды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жерасты ұлттық байлығымызды ең бірінші мемлекеттік компанияларға беру қажет Фото: primeminister.kz

"Біз, ең алдымен, жер асты ұлттық байлығымызды мемлекеттік компанияларға тапсыруымыз керек, барлау жүргізіп, оны дамытып, игеріп, содан кейін инвесторларды тартуымыз қажет. Сонда ғана оның құны өседі және мемлекет пайда көреді. Осы тетікті кеңінен қолдануымыз керек", деп атап өтті Олжас Бектенов.

Тау жыныстарын талдамалық зерттеу бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін мамандандырылған аккредиттелген зертхана құрылуы тиіс.

"Өнеркәсіп және Энергетика министрліктері геологиялық барлауға инвестициялар тарту, оның ішінде "терең" қабаттар мен күрделі кен орындарын игеру кезінде жеңілдіктер беру бойынша нақты тетіктер мен қажетті заңнамалық түзетулер әзірлесін.

Өнеркәсіп министрлігі Сауда министрлігімен және "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, тау жыныстарын талдамалық зерттеу бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін мамандандырылған аккредиттелген зертхананы құруға тиіс.

Өнеркәсіп және Энергетика министрліктері "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, Ұлттық геологиялық қызмет базасында ғылыми экологиялық-геологиялық кластер құру жұмысын жүргізсін",  деді Олжас Бектенов.

Оның атап өтуінше, бастапқы кезеңде "Тау-Кен Самұрық" компаниясының қолданыстағы технологиялық мүмкіндіктерін пайдаланып, компанияға қолдау көрсетіп, дамыту қажет екенін айтты.

Үкімет басшысы Өнеркәсіп министрлігі Энергетика, Цифрландыру және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін айрықша маңызы бар алаңдардағы аэрогеофизикалық түсірілім жұмыстарын қаржыландыру мен жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуі тиістігіне аударды.

"Өнеркәсіп министрлігі Қаржы, Цифрлық даму министрліктерімен және Ұлттық геологиялық қызметпен бірлесіп, тарихи деректерді цифрландыруды жандандыруы қажет. Сондай-ақ, оны сақтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керек",  деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу