Жеребе жеңіл түсті

2357

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін жеребе тарту рәсімінде қарсыластарын білді. ЕУРО 2024 додасына шығуға мүмкіндік бар ма?

Жеребе жеңіл түсті

Германияда өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы 4 себетте болды. Яғни өзінің деңгейлес қарсыластарымен бір топта болды. Кейіннен ең жоғарғы рейтингісі бар қарсыластар себетінен Дания командасы түсті. Одан кейінгі екінші себеттен Финляндия ұжымы. Одан кейін Словения, Солтүстік Ирландия мен Сан-Марино құрамалары шықты. "Н" тобында ең осал қарсылас Сан-Марино. Бұл команданы біз жеңіп жүргенбіз, демек осы жолы да 6 ұпай еншілей аламыз деген сөз. Солтүстік Ирландия құрамасының да шама-шарқы белгілі. Словения құрамасы деген кезде ең алдымен бізге атақты қақпашы Ян Облак түседі. Ол "Атлетико" Мадрид командасының қақпасын күзетеді. Финляндия құрамасымен біз өткен іріктеуде бір топта болып, екі ойында да жеңіліп қалдық. Ал Дания командасы әлбетте, тобымыздың фавориті. Қазақстан құрамасы Дат елінің құрамасымен 4 рет кездесіп, барлығында жеңіліс тапқан.

Жеребе қорытындысы бойынша құрамамыздың бас бапкері Магомед Әдиев өз пікірін білдірді:

– Қарсыластарды қиын деп айтуға болады. Бүгінгі таңда оңай қарсыластар жоқ. Өте мықты топқа түстік деп ойлаймын. Нақты көшбасшы жоқ. Дегенмен Дания құрамасы даму жолына шықты. Олардың жас ойыншыларының деңгейі өте жоғары. Дат футболшылары топтың фавориті болады деп санаймын.

Қарсыластар туралы мәліметтерді біртіндеп жинай бастаймыз. Бізді қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр. Бәсекеге төтеп беруге тырысамыз.

– Мұндай қарсыластарды күттіңіз бе?

- Шыны керек, күткен жоқпын. Біздің топқа грандтардың бірі түседі деп ойладым. Мықты қарсыластардан құралған тең топ шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу