"Жерге әсер етуі мүмкін": Күнде қуатты жарқыл тіркелді

Табиғи құбылыс 11 минутқа созылған.       

"Жерге әсер етуі мүмкін":  Күнде қуатты жарқыл тіркелді Фото: spec.tass.ru

20 шілдеде Күнде қуаттылығы M2.5 санатына жататын жарқыл тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мамандар оның Жердің геомагниттік жағдайына әсер етуі мүмкін екенін жасырмайды. 

Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, жарқыл Мәскеу уақытымен сағат 17:36-да, ал Астана уақытымен 20:36-да тіркелген.

Мамандардың сөзінше, рентген диапазонында 4489 (S04W22) күн дақтары тобында болған жарқылдың қуаты M2.5 деңгейінде.

M санатындағы жарқылдар қуаты жағынан X санатынан кейінгі екінші орында тұр. Мұндай құбылыстар кей жағдайда Жердің магнит өрісіне әсер етуі мүмкін.

Осыған дейін 22 шілдеде Жерде магниттік дауылдар болуы ықтимал екені хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу