"Жермен-жексен" жеңілген "Барселона" да, "Пари Сен-Жермен" де келесі кезеңге өтті

Кеше түнде UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан алғашқы екі команданың аты аталды.  

"Жермен-жексен" жеңілген "Барселона" да, "Пари Сен-Жермен" де келесі кезеңге өтті Фото: theplayoffs.news

Бүгін де жер-жаһанның футболсүйер қауымын кірпік қақтырмайтын ойындар өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ширек финалдағы кездесудің бірі "Астон Вилла" (Англия) мен "Пари Сен-Жермен" (Франция) командалары арасында өрбіді. Бірінші ойында франциялық клубтың 3:1 есебімен жеңгенін көпшілік ұмыта қойған жоқ. Сондықтан, англиялықтарға қалай да қамшыны басу керек-ті. 

Ойында "Астон Вилла" екі матчтың нәтижесімен таразы басын теңестіруге сәл қалды. Қарымта кездесуде франциялық клуб сапынан Ашраф Хакими 11, Нуну Мендеш 27-минутта гол соқты. 

Жолдаманың көзден бұлбұл ұшып бара жатқанын байқаған англиялық команда қатарынан 3 рет қақпа торын тулатты. Әуелі Юри Тилеманс 34-минутта мергендігімен танылса, Джон Макгинн мен Эзри Конса (55-57-минуттарда) көзге түсті. 

Астон Вилла" қарымта кездесуде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түскенімен, қос ойын нәтижесінде "Пари Сен-Жермен" жартылай финалға жолдама алды.

Екінші жұпта "Боруссия Дортмунд" (Германия) пен "Барселона" (Испания) кездесті. Алғашқы ойында испаниялық клуб қарсыласына жауапсыз 4 доп соққан болатын. 

Германиялықтар қарымта кездесуді сәтті бастады. Мысалы, Серу Гирасси 11-минутта он бір метрлік айып соққысы арқылы қақпадан саңылау тапса, одан соң 49, 76-минутта да көзге түсті. 54-минутта оның әріптесі Рами Бенсебаини өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша, жалпы есепте жеңіске жеткен испаниялық ұжым келесі кезеңге өтті. Қысқаша айтқанда, жермен-жексен жеңілген

"Барселона" да, "Пари Сен-Жермен" де жартылай финалға жолдама алып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу