"Жетісу" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

213

Жетісулықтар жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады.

"Жетісу" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды Фото: kff.kz

Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубы Қайрат Нұрдәулетовтің команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады. 

"Қайрат Нұрдәулетов – "Жетісу" футбол клубының бас бапкері! Тәжірибелі маман команда тізгінін қайта қолға алды. Алда жаңа мақсаттар мен үлкен міндеттер", – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

43 жастағы маман бұған дейін "Жетісу" клубында 2023-2024 жылдары жұмыс істеген.

Одан кейін павлодарлық "Ертіс" командасын басқарды. Ал, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) көкшетаулық "Оқжетпестің" бас бапкері қызметін атқарды.

Қайрат Нұрдәулетов 2012-2013 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болды, сондай-ақ Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2002, 2003, 2014) және Қазақстан кубогының үш дүркін иегері (2007, 2010, 2012).

Өткен маусымда "Жетісу" командасы Самат Смақовтың жетекшілігімен 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға тұрақтаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу