Бразилиялық бапкер Биро Жаде "Жетісу" футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Тәжірибелі маман Талдықорғандық команданың тізгінін үш жыл ұстады. Осы уақыт ішінде ұжымның дамуына үлес қосқан жаттықтырушы енді клубпен қоштасу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, жаңа маусымда Жетісу футзал клубы Бірінші лигада бақ сынайды. Клуб әзірге жаңа бас бапкердің есімін жариялаған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу