"Жетісу" мен "Қайрат" тең тарқасты

237

"Қайрат" ұпай жоғалтты. 

"Жетісу" мен "Қайрат" тең тарқасты Фото: kazfootball.kz

Ойын өте тартысты өтті. Аутсайдер саналған "Жетісу" фаворитке есе жібермеуге барын салып, кездесуде алғаш болып есеп ашты.

Максим Ковель баспен гол соқты. Алайда көп ұзамай Жоржиньо есепті теңестірді. Үзіліске дейін Ринат Серікқұл тағы бір мәрте мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Екінші тайм басында айып алаңына берілген пастан кейін алаң иелерінің енжар ойыны екі бірдей соққы жасауға мүмкіндік берді. Қайтқан допты Егор Сорокин дәл бағыттап, есепті теңестірді. Ойынның аяқталуына әлі біраз уақыт болғанымен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды – 2:2.

Осы нәтижеден кейін "Қайрат" 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде үздік үштікке енді. Ал "Жетісу" 10 ұпаймен 9-орында қалды.

Сондай-ақ, 12 тур аясында өткен бүгінгі ойында "Атырау" "Ұлытауға" 0:1 есебімен есе жіберді. Ал, "Қызылжар" мен "Ақтөбе" арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу