Жетісу өңірін газбен қамтамасыз ету халықтың жайлы өмір сүруіне әсер етеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

1829

Газ облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді.

Жетісу өңірін газбен қамтамасыз ету халықтың жайлы өмір сүруіне әсер етеді – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: akorda.kz

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуінде өңірді газбен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп жазды Inbusiness.kz.

"Келесі маңызды бағыт – өңірді газбен қамтамасыз ету. Бұл шара халықтың жайлы өмір сүруіне, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді", – деді ол.

Президент 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласының маңына дейін барлық елді мекенді газбен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қазір көгілдір отын облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді. "Алматы – Талдықорған" магистральді газ құбыры салынып, облыс орталығына газ толық берілді", деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы  "Талдықорған – Үшарал" бағытында газ құбырын тарту қажеттігін де айтты. 

"Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырамын", деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу