"Жетісу" үшінші орынға шықты

1661

Талдықорғандық команда "Тараздан" басым түсті. Ойында екі пенальти белгіленді. 

"Жетісу" үшінші орынға шықты

Қазақстан чемпионатының 9-тур ойындары кеше басталды. Алғашқы матчта "Оқжетпес" пен "Каспий" тең түсті. Ойын есебі 2-2. Кеше өткен матчта "Каспий" екі мәрте пенальти орындады. Ал бүгін жалғасқан 9-тур ойынында да 2 пенальти белгіленді. Матчтың 14-минутында Педро Эуженио қақпашы Джурахон Бабахановпен қақтығысты. Бейнеқайталаудан анықтап қарағанда шабуылшы мен қақпашы айып алаңының сыртында қақтығысқа. Демек, төреші Мұрат Есмұратов 11 метрлік айып добын белгілеуі қате болған деген сөз.

Ал одан кейін "Тараз" ойыншысы Тони Сильва өз айып алаңының ішінде қолмен ойнап қойды. Соның себебінен екінші пенальти белгіленді. Албаниялық ойыншы Доньет Шкодра еш ойланбастан гол салды. "Жетісу" осы матчта еншілеген 3 ұпайының арқасында турнирлік кестенің 3 сатысына көтерілді. 

"Тараз" – "Жетісу" – 0:2

Голдар: Педро Эуженио 14 (пенальти), Доньет Шкодра 40 (пенальти)

Ескертулер: Бауыржан Тұрысбек 36, Әлішер Сүлей 38, Аюб Бацуев 79, Братислав Пуношевац 85 – Доньет Шкодра 26, Олжас Керімжанов 34

"Тараз": Джурахон Бабаханов (В) – Мақсат Әмірханов (К), Валерий Каршакевич, ​Берік Айтбаев, Деян Больевич (Бекзат Шадманов 68) – Овидиус Вербицкас (Аюб Бацуев 76), ​Йован Чадженович, Горан Бркич (Бауыржан Байтана 68), Тони Сильва, Әлішер Сүлей – Бауыржан Тұрысбек (Братислав Пуношевац 46);

Резерв: Мұхаммеджан Сейсен (В), Алмаз Хамытбеков (В) – Михаил Мищенко, Дмитрий Евстигнеев – ​Гаврил Кан, Дінмұхамед Қараман, Алмас Сапарғалиев – Абылайхан Жұмабек;

Бас бапкер: Владимир Никитенко.

"Жетісу": Андрей Шабанов (В) – Андрей Залеский, ​Мейрам Сапанов, Олжас Керімжанов, Никита Наумов (К), Стефан Живкович (Ермек Қуантаев 81) – Доньет Шкодра (Артурас Жулпа 82), Ненад Адамович, Еркебулан Сейдахмет (Дэвид Мавутор 58), Педро Эуженио – Мартин Тошев;

Резерв: Алмат Бекбаев (В) – ​Ескендир Қыбырай, Андрей Лебедев – Альмир Мухутдинов, Аслан Дарабаев, Вадим Побудей – Айбар Жақсылықов, Егор Зубович;

Бас бапкер: Дмитрий Огай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу