"Жетісуға" жаңа бапкер келді

1948

31 жастағы Ринат Алюетов "Жетісудың" бас бапкері болып тағайындалды.

"Жетісуға" жаңа бапкер келді

Қазақстандық маман мен клуб арасындағы келісім-шарт бүгін, 14 қаңтарда жасалды және бір жылға арналған. Жаттықтырушылар штабында Ринат Алюетовпен бірге Рустам Усманов және Денис Мамоновтар жұмыс жасайтын  болады. Қақпашыларды жаттықтыратын бапкердің орны әлі де бос.

Алюетов осыған дейін Өскемендегі "Алтай" футбол орталығында және РКС-ALASH-та жұмыс істеген. 2020 жылдың маусым айында "Жетісу Б" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Командамен жұмыс атқарған уақытта ол  конференцияда екінші орын иеленді.

Талдықорғандық  клубтың бұрынғы бапкері Дмитрий Огай болатын. Оның жетекшілігімен команда өткен маусымды  алтыншы болып аяқтады. Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда "Жетісу" жаңа бас жаттықтырушы ретінде өткен маусымда "Шахтермен" жұмыс жасаған Константин Горовенконың тағайындалғаны белгілі болды. Горовенко минималды бюджетпен және негізінен жас футболшылармен жұмыс жасайтынын айтқан еді. Бұл ол үшін ең жақсы нұсқа. Себебі өткен маусымда жаттықтырушы тәжірибелі футболшылармен қарым-қатынасты қалай дұрыс құруды білмейтінін айқын көрсетті. Бұл тек Джереми Монзораға қатысты емес еді. Француз азаматымен болған оқиғадан кейін бірден қазақстандық маман басқа да тәжірибелі ойыншылар - Дмитрий Ятченко мен Арсен Хубуловпен қоштасқысы келді. Бірақ кейін клуб басшысы Ерлан Оразаев бұған жол бермеді.

Өткен маусымда "Жетісу" ҚПЛ-2020-да алтыншы орынға ие болды. Бірақ маусым басталар адында клубқа алғашқы үштікке кіру міндеті қойылған еді. Горовенко былтыр жазда "Шахтерді" жаттықтырды. Ол қарағандылық команданы еурокубок ойындарына қайта алып келді. Маусым соңында "кеншілер" ҚПЛ-ды төртінші болып аяқтады. Ал, желтоқсанда бапкер мен клуб басшылығы келісім-шартты ұзартпайтынын мәлімдеді.

Ермұхамед  Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу