Жезқазғанның келешегі "Nur Otan"-мен жарқын болмақ

1417

Жезқазған қаласының мәслихаты депутаттығына кандидат "Saryarqa" газетінің директоры-бас редактор Дархан Мұхан "Nur Otan" партиясы Жезқазған қаласы филиалының "Facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирге шықты.  

Жезқазғанның келешегі "Nur Otan"-мен жарқын болмақ

Ондағы мақсаты – әлеуметтік желі қолданушыларының назарына "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын жеткізу.

"Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы әбден пысықталып, сүзгіден өткен. Стратегиялық маңызды құжат баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деген бөлімдерден тұрады. Алдағы бес жылда қойылған талаптарды Үкіметпен бірлесе жүзеге асыруды көздеп отырған біздің "Nur Otan" қазіргі экономикалық қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанды дамудың жаңа, даңғыл жолына шығармақшы", деп әңгімесін бастаған кандидат партияның бұл жолғы бағдарламасы әр облысқа, қала мен ауданға жеке-жеке қарастырылғанын айтты.

Әр өңірдің әлеуеті мен проблемалық мәселелерін саралаған бағдарламада халықтың пікірі де кеңінен ескерілгенін айта кеткен жөн болар. Мысалы, "Nur Otan" партиясының Қарағанды облысы Жезқазған қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында жезқазғандықтарды алаңдатқан  таза ауыз су, сапалы инфрақұрлым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, мысты өлкенің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланыпты. Атап айтсақ, алдағы бес жылда "Nur Otan" партиясы шағын және орта бизнесті дамыту жолында 95 жобаға қолдау көрсетіп, туризм саласын өркендету арқылы Жезқазған -Ұлытау аймағының сакралды жерлерін барша әлем елдеріне паш етуді межелеп отыр. Жылдар бойы көтеріліп жүрген Жезқазғанның экологиялық жағдайын жақсарту мәселесінің де өз шешімін табатын күні алыс емес. Ерекше қажеттілігі бар жезқазғандықтарға тең мүмкіндік ұсынып, қала тұрғындарына сапалы білім мен медицина қызметінің көрсетілуін қамтамасыз ету, бұқаралық спортты дамыту, жастарды жан-жақты қолдау да өңірлік бағдарламада  қаузалып отыр.

Жоғарыда айтылған жоспарларды жүзеге асырып, Жезқазғанды жасыл желекті, таза ауалы, өркендеген, қауіпсіз де жайлы қалаға айналдыру "Nur Otan" партиясы мен оның кандидаттарын таңдағанда ғана мүмкін екенін тілге тиек еткен Дархан Қабылдашұлы "елім, жерім" деп еміренген әрбір азамат  ел болашағы үшін саяси додаға белсене қатысуы керектігіне назар аудартты.

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу