Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғарылады

132

Қазақстандық теннисшілердің бүгін жаңартылған әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғарылады Фото: ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жекелей сында 10-орнын сақтаса, Юлия Путинцева 60-тан 61-ге сырғыды.

Жұптық сында Анна Данилина 12-ден 13-ке, Ю.Путинцева 106-дан 107-ге, Е.Рыбакина 263-тен 265-ке төмендеді.

Есесіне Қытайдағы жарыста жеңімпаз атанған Жібек Құламбаева 128-ден 109-ға көтеріліп, ТОП-100-ге жақындады.

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 19-орында қалса, Александр Шевченко 97-ден 96-ға ауысты. Бейбіт Жұқаев 207-де, Тимофей Скатов 235-сатыда тұрақтаса, Дмитрий Попко 218-ден 219-ға жоғарылады. Михаил Кукушкин 231-ден 259-ға құлдырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу