Ол жұптық сында Үндістан спортшысы Рутуджа Бхосалемен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда қазақстандық-үндістандық жұп Испания теннисшілері Ирене Бурильо Эскорихуэла мен Лейре Ромероны 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.
Құламбаева мен Бхосале бұған дейін Польша өкілі Гина Файстель және Кипр атынан сынға түскен Ралука Сербаннан 6:2, 6:2 есебімен басым түскен.
Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалында Париж Олимпиадасының чемпионы, қытайлық Жен Цинвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын.