Жібек Құламбаева Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

403

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Канар аралдарындағы Маспаломас қаласында өткен World Tennis W100 санатындағы турнирдің финалында жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды Фото: ҚТФ

Жібек жарыста чехиялық Анна Шишковамен жұп құрып өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық-чехиялық дуэт турнирде екінші нөмірмен тіркелді. Финалда олар чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиса Заарға қарсы ойнады.

Кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут өткізді.

Осылайша, Қазақстан мен Чехия өкілдерінен құралған жұп турнир жеңімпазы атанды. Жаңартылған рейтингте Жібек Құламбаева қосымша ұпай еншілеп, төрт сатыға жоғарылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу