Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Гаага (Нидерланд) ITF W75 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева – украиналық Валерия Страхова доданы бірден ширек финалдан бастады.
Қазақстандық-украиналық жұп испаниялық Кристина Дьяс-Адровер – нидерландылық Антония Стояновпен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда испаниялық-нидерландылық жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Құламбаева – Страхова қарымта қайырды – 6:1. Содан кейін супер тай-брейкте сәтті ойнады – 10:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева – Валерия Страхова финалға шығу үшін ресейліктер Полина Бахмуткина – Кристина Кройтормен таласады.