Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

769

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды Фото: prosports.kz

Отандасымыз Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.

Бірінші партияда Құламбаева – Хатука 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық дуэт есе қайырды – 6:1.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-белоруссиялық жұп 4 брейкке қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің финалында нидерландылық Джой де Зеумен бірге ресейліктер Аглая Федорова – Алиса Кюммельмен кездесті. Мұнда ресейлік жұптың бағы жанды: 6:4, 6:3.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу