Жібек Құламбаева Румыниядағы жарыстың іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

77

Қазақстандық теннисші, әлемнің 457-ракеткасы Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева Румыниядағы жарыстың іріктеу кезеңін жеңіспен бастады Фото: nur.kz

Отандасымыз іріктеу кезеңінің жартылай финалында әлемнің 295-ракеткасы, швециялық Лиза Заармен кездесті.

Қарсыласы фаворит саналғанына қарамастан, Жібек Құламбаева 2 партияда жеңіске жетті – 7:6 (7:4), 6:3.

2 сағат 4 минутқа созылған тартысты кездесуде Жібек Құламбаева эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың 5-еуін өз пайдасына шешті. Ал Лиза Заар 10 брейк-пойнттың 4-еуін ғана жүзеге асыра алды.

Жібек Құламбаева іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 143-ракеткасы, испаниялық Лейре Ромеро-Гормазбен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу