Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W75 санатындағы турнирде тамаша өнер көрсетіп, жұптық сында финалға, ал жекелей сында жартылай финалға жолдама алды.
Жібек Құламбаева серіктесі Фрея Кристи екеуі турнирдің бірінші нөмірлі дуэті - Эден Силва (Ұлыбритания) мен Анастасия Тихонованы (Ресей) жартылай финалда 6:2, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды.
Жекелей сында Құламбаева ширек финалда мальталық Франческа Курмиді 6:4, 2:6, 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті . Жартылай финалда ол ресейлік Алина Чараевамен (WTA №242) кездеседі.