Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық құрама өкілі армениялық Алина Чараевамен жұптық сында бақ сынап, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.
Финалдық кездесуде қазақстандық-армениялық жұп чехиялық Анастасия Децюк пен ресейлік Ирина Хромачеваға қарсы ойнады. Үш сетке созылған тартысты матч 4:6, 6:2, 10:5 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Осылайша Жібек Құламбаева WTA турнирінің финалында алғаш рет өнер көрсетіп, халықаралық аренадағы маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу