Жібек Құламбаева жеңісті жолын Франциядағы турнирде жалғастырды

413

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сен-Годенс (Франция) ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева жеңісті жолын Франциядағы турнирде жалғастырды Фото: ҚТФ

Бұл жолы ресейлік Алина Чараевамен жұп құрған Жібек алғашқы айналымда германиялық егіз Таисия және Яна Мордергермен бетпе-бет келді. 

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Тез аяқталған матч 1 сағат 13 минутқа созылды. 

Жібек Құламбаева – Алина Чараева жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Габриэла Кнутсон – Анна Шишковамен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу