Жігіттер жарады, қыздар қынжылтты

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2991

Астанада бокстан "Қазақстан Президенті кубогы" халықаралық турнирі аяқталып, сенім артқан ұл-қыздарымыз 10 алтын жеңіп алды.   

Жігіттер жарады, қыздар қынжылтты

Осымен алтыншы рет өткен халықаралық турнирге биыл 15 елдің боксшылары қатысты. Атап айтқанда, АҚШ, Швеция, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия, Таиланд, Қытай, Филиппин, Үндістан және Қазақстан елорда төріне керілген шаршы алада боксшылары бақ сынады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеулерінше, барлығы 162 боксшы тіркелген, ерлер арасында – 124, ал әйелдер арасында 38 спортшы сынға түсті.

Жігіттер әуесқой бокстағы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынаса, қыздар төрт салмақта ғана сынға түсті. Қазақстан президенті кубогының жүлде қоры да қомақты болды. Бірінші орын алған боксшыларға – 2 000, екінші орынға ие болғандарға – 1 000, ал жартылай финалға шығып, қола жүлдегер атанғандарға 500 доллардан табыс етілетіндігі әу баста-ақ жарияланған.

Сонымен бес күнге созылған халықаралық турнир де аяқталды. Қиян-кескі жекпе-жектер аз болған жоқ. Шектен тыс шиеленісті кездесулер көп болып, нәтижелері де көпшілікті таңдандырып жатты. Мысалы, жұдырығы балғадай Василий Левит жартылай финалда Ресей боксшысы Садам Магомедовтен ұтылып қалды. Ал көпшіліке беймәлім үндістандық Лалбиаккима Нутлаи деген жас боксшы Өзбекстанның мақтанышы, Олимпиада чемпионы һәм Баркер кубогының иегері Хасанбой Дусматовты жеңіп, еліне құр қол қайтарды.

Өкінішке қарай, мұндай кездейсоқ нәтижелер біздің қыздарымыздың да бақтарын байлады. Сенім артқан аруларымыз жеңілістің кермек дәмін татып, бас бәйгеге қол жеткізе алмады. Мәселен, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жартылай финалда 19 жастағы жапон қызы Намики Цукимиден ұтылып қалды. Ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Дариға Шәкімова финалда швед қызы Лав Холгерссонға есе жіберіп алды.

Финалдағы жекпе-жектердің үшеуінде (екеуі ерлер арасында – 49 және 69 келі) өз боксшыларымыз кездесті. Ал қазақ-өзбек финалы екі рет қайталанып (64 және 81 келі салмақтар), бұл жекпе-жектер 1:1 есебімен аяқталды. Ауыр салмақтардағы (91 және +91 келі) Қазақ-Ресей айқастарында күрзі жұдырықты жігіттеріміз басым түсті.

Жалпы, ерлер арасындағы 10 алтынның сегізі өз елімізде қалатын болды. 60 келіде саф алтын Ресейге кетсе, 81 келі салмақ дәрежесінде өзбек Бектимир Меликузиев жеңімпаз атанды. Ол жартылай финалда да, финалда да екі жас талантымызды ұтып, үздік шықты... Ал қыздар арасындағы төрт алтынның тең жартысы шет ел асты...

"Қазақстан Президенті кубогы" халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Ерлер:

49 келі

1) Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)
2) Жомарт Ержан (Қазақстан)
3) Лалбиаккима Нутлаи (Үндістан), Василий Егоров (Ресей)

52 келі

1) Әнуар Мұзаппаров (Қазақстан)
2) Ладон Роген (Филиппин)
3) Баба Рюсеи (Жапония), Сивах Сахин (Үндістан)

56 келі

1) Қайрат Ералиев (Қазақстан)

2) Дюк Рейген (АҚШ)

3) Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан), Ілияс Сүлейменов (Қазақстан)

60 келі

1) Габил Мамедов (Ресей)
2) Шункор Абдурасулов (Өзбекстан)
3) Ерденбат Ценбаатар (Моңғолия), Закир Сафиуллин (Қазақстан)

64 келі

1) Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан)
2) Икболжон Холдаров (Өзбекстан)
3) Вуттичай Масук (Таиланд), Алиер Норалиев (Өзбекстан)

69 келі

1) Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)
2) Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан)
3) Арди Сэйлом (Таиланд), Махмуд Гаипов (Өзбекстан)

75 келі

1) Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)
2) Ерік Әлжанов (Қазақстан)
3) Исраил Мадримов (Өзбекстан), Адам Чартои (Швеция)

81 келі

1) Бектемир Меликузиев (Өзбекстан)
2) Бек Нұрмағанбет (Қазақстан)
3) Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан), Имам Хатаев (Ресей)

91 келі

1) Абзал Құттыбеков (Қазақстан)
2) Садам Магомедов (Ресей)
3) Антон Пинчук (Қазақстан), Василий Левит (Қазақстан)

+91 келі

1) Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан)
2) Максим Бабанин (Ресей)
3) Айболды Дәуренұлы (Қазақстан), Нұрлан Сапарбай (Қазақстан)

 

Әйелдер:

51 келі

1) Намики Цукими (Жапония)
2) Раксат Чутамат (Таиланд)
3) Назым Қызайбай (Қазақстан), Ши Цян (Қытай)

57 келі

1) Сәния Сұлтанқызы (Қазақстан)
2) Хирута Мизуки (Жапония)
3) Владислава Кухта (Қазақстан), Дәметкен Келімбет (Қазақстан)

60 келі

1) Римма Волосенко (Қазақстан)
2) Айжан Ходжабекова (Қазақстан)
3) Приянка Чодари (Үндістан), Карина Ибрагимова (Қазақстан)

75 келі

1) Лав Холгерссон (Швеция)
2) Дариға Шакимова (Қазақстан)
3) Сәния Әлжанова (Қазақстан), Ван Лина (Қытай)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу