Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

300

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) рингке оралатын уақыты айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды Фото: Жеке парақшасынан

Brunch Boxing сайтының мәліметінше, Жәнібектің кезекті жекпе-жегі биыл наурыз айында өтеді.

Ол ESPN телеарнасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінің басты хедлайнері болмақ.

Жекпе-жектің нақты қай күні және қай жерде өтетіні қосымша хабарланады. Сондай-ақ, Жәнібектің қарсыласы туралы да әлі ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу