Жоао Паулоның соққан голы "Ордабасыға" жеңіс сыйлады

1650

Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 15-тур аясында 4 кездесу өтті.

Жоао Паулоның соққан голы "Ордабасыға" жеңіс сыйлады

Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші туры қарсаңында "Ордабасымен" кездесті. Матч Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз гол 92-минутта соғылды. Жоао Паулоның алыс бұрышқа бағыттаған соққысы қақпа торында тулады.

Үш ұпайға қол жеткізген шымкенттік клуб турнирлік кестеде 21 ұпаймен алтыншы орында келеді. "Ақжайық" бір саты төменде тұр (21 ұпай).

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында қарағандылық "Шахтер" Петропавлдың "Қызыл-Жарына" есе жіберді. Кездесу Қарағандыда өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды - 1: 0. 90-минутта көзге түскен Руслан Есімов петропавлдықтарға жеңіс сыйлады. Бұл кеншілер үшін өз алаңындағы алғашқы ойын болды. Бұған дейін "Шатер" қарсыластарын "Астана Аренада" қабылдап жүрген болатын. Осы ойыннан кейін "Шахтер" 9 ұпаймен 13-орында тұр. Ал Қызылжар 21 ұпаймен бесінші орында келеді.

Сонымен қатар "Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турында. "Атыраумен" кездесті. Вахид Масудовтың жетекшілігімен алғашқы матчын өткізген "ақ-қызылдар" 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Боян Дубайич соқты. Тонго Думбия алаң ортасында допты тартып алып, қақпаға соққы жасады. Қақпа бағанасынан кері серпілген допты Боян голға айналдырды. "Ақтөбе" бұл жеңістен кейін 16 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. "Атырау" 21 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.

"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турырда "Каспийді" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:1 есебімен ақтаулық клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның 18-минутында Шафик Тигруджа алыстан өте жойқын соққы бағыттап, чемпионаттағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Ал 64-минутта Айбар Жақсылықов пенальтиден гол соға алмады. "Жетісу" бұл ойыннан кейін 10 ұпаймен он екінші орында қала берді. Ал ақтаулық клуб 23 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу