Жоау Феликс "Аль-Наср" ойыншысы атанды

230

Сауд Арабиясы тағы бір жұлдызды ойыншыны сатып алды. 

Жоау Феликс "Аль-Наср" ойыншысы атанды

Футбол жанкүйерлерінің тағы бір мәрте Сауд Арабиясына назары ауды. Бүгін "Аль-Наср" футбол клубы өзінің ресми сайтында португалиялық шабуылшы Жоау Феликсті қатарға қосқанын жариялады. Жас болса да тәжірибесі мол, техникасы жоғары ойыншы енді "Аль-Насрдың" шабуыл шебін күшейтпек.

Келісімшарттың құны да таңдай қақтырарлық. Бастапқы сома 30 миллион еуроны, ал қосымша бонустармен бірге 50 миллион еуроны құрауы мүмкін.

Transfermarkt дерегінше, қазіргі таңда Феликстің нарықтық құны 20 миллион еуро шамасында.
Бұл трансфер арқылы Сауд Арабиясы ел футболының дамуына салмақты қадам жасап, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды өз чемпионатына тарту арқылы назарды Таяу Шығысқа аударып отыр.
"Аль-Наср" құрамында Криштиану Роналду бастаған әлемдік жұлдыздар ойнайтынын ескерсек, Жоау Феликстің келуі клубтың енді одан әрі күшейе түсетінін айқындайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу