Жомарт Ертаев ресейлік банктің акционері атанды

2478

"Альянс Банктің" бұрынғы басшысы "Тройка-Д Банк" АҚ-ның 5% акциясын Владимир Акаевтан сатып алды.  

Жомарт Ертаев ресейлік банктің акционері атанды

Аbctv.kz - ке белгілі болғандай, Жомарт Ертаев ресейлік банк акциясының 5%-ын "3Д Дистрибьюшн Лимитед" компаниясының акционері Владимир Акаевтан сатып алған. Екі келісім жасау нәтижесінде Владимир Акаевтың "Тройка-Д Банк" акционерлік қоғамындағы  акциялар үлесі 99,99%-дан 49%-ға дейін төмендеді, енді ол қадағалаушы болып саналмайды.

Жомарт  Ертаевтың "Евразия инвестментс" жабық жарналық инвестициялық қормен жасаған келісімі 2017 жылдың 3 мамырында аяқталып,  ол ресейлік банк  акциясының 46% -ын сатып алған.

Келісімдер Ресей Банкімен мақұлданды. "Тройка-Д Банк" АҚ акционерлерінің өзгерген  құрамы банк сайтында жарияланған.

"Тройка-Д Банк" АҚ Ресей нарығында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. 2004 жылы банк салымдарды тарту мен қымбат металлдарды орналастыруға Ресей банкінің лицензиясын алған, ал 2007 жылы Ресей банкінің жеке тұлғалардың салымдарымен жұмыс істеу – салымдарды міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушы-банктер тізіліміне кірді.

Банк ресейлік және шетелдік клиенттерге, жеке және заңды тұлғаларға , қаржылық ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету саласында қызмет пен өнімдердің, инвестициялық-банктік қызмет және қаржы нарығындағы операциялардың  кең көлемін ұсынады, 

Банк активтері 2016 жылдың 30 қыркүйегінде 18,3 млрд ресейлік ақшаны құраған, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы табыс 2015 жылдың осы  кезеңіндегі 288 млн шығынмен салыстырғанда 571 млн рубль болған.

Банктің жарғылық капиталы 1 млрд 174 млн рубль. Өз қаражаттарының көлемі бойынша банк Ресейдің 200 қаржылық ұйымы тобына және мәскеулік 150 өңір тобына кіреді.

"Тройка-Д Банк" АҚ "Салымдарды сақтандыру жөніндегі агенттік" мемлекеттік корпорациясына қатысу жоспарын іске асыру барысында "Вокбанк" АҚ-ның (толық атауы –"Волго-Окский коммерческий банк" АҚ)  банкрот болуының алдын алу үшін 2015 жылдың желтоқсанында оның акционері болып, жарғылық капиталының 99,99 % үлесін алды.  Осыдан кейін "Тройка-Д Банк" және "Вокбанк" АҚ банктік топты құрады, бұл топтың басты несиелік ұйымы – "Тройка-Д Банк".

Жомарт Ертаев 2002-2007 жылдары "Альянс Банк" АҚ басқармасы төрағасы болды. Сол кезде қаржылық институт активтерінің саны бойынша қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында үшінші орында болған. Осыдан кейін Жомарт Ертаев  шамамен бір жылдай Украинадағы "БТА Банкте" басқарма төрағасы болды. Содан кейін "Еуразиялық банк" АҚ басқармасы төрағасының қызметін атқарды.  2014 жылы ол "Алма-ТВ" компаниясын басқарды.

2015 жылы шілде айының басында ҚР Бас прокуратурасы  Жомарт Ертаев  "Альянс Банктің" лауазымдық тұлғаларын қатысты іс бойынша күдікті деп мәлімдеген болатын. Бас прокуратураның ақпары бойынша, Жомарт Ертаев  "Қызметтік жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін  иеленіп алу және адамдар тобының алдын ала келісімі бойынша ірі көлемде жұмсау" бабы бойынша күдікті болған. Қалған фактілер (Жомарт Ертаевтың тұрып жатқан жері, тергеуге себеп болған ұрлық т.б)  жарияланған емес.  Осымен қоса, бірнеше күннен кейін БАҚ Жомарт Ертаев Қазақстаннан кеткенін хабарлаған болатын.

Сонымен бірге Жомарт Ертаев "Альянс Банкке" қатысты іс бойынша бұрын да жауапқа тартылған. 2009 жылы қаржы полициясы банк акционерлері мен менеджерлерін құқық бұзушылық  бойынша айыптаған болатын. Күдіктілер қатарында "Альянс Банк" директорлар кеңесінің төрағасы  Марғұлан Сейсенбаевты қоса алғанда бірнеше адам болған. Жомарт Ертаев ұсталып, қамауға алынған. Содан кейін миллиардтаған долларды ұрлады деп айыпталған Жомарт Ертаевқа қатысты тергеу бухгалтерлік және қаржылық есеп заңнамасын бұзу, сондай-ақ банктің ақшалай қаражатын заңсыз пайдалану  деп қайта ауыстырылды. Жомарт Ертаев тоғыз ай отырып, содан кейін сот шешімен босатылған.

Гүлназ Ермағанбетова, ЖанболатМамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу