18 жүйрік қатысқан 9 шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі мәре сызығын екінші болып кесті.
Қырғызстандық "Чиксон Лок" есімді тұлпар бірінші орынға ие болды. Қазақстан сәйгүлігі "Ақ-жауын" екінші болып келсе, қырғыз тұлпары "Императрица" үшінші орынға ие болды.
1-орын: Чиксон Лок. жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан).
2-орын: Ақ-жауын. Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан).
3-орын: Императрица. Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).