Ол көпшіліктің бұл ойынды алдын ала шешіліп қойғандай қабылдайтынын айтты.
"Бәрі бізді 10:0 есебімен ұтылады деп ойлайды. Сондықтан біз жанкүйерлерді тосын сыймен қуантуға тырысамыз. Бұл соғыс емес – қарсыластар қарулы емес қой. Біз тек бәсекеге түсіп, футболдан ләззат алуымыз керек", – деді Жоржиньо.
Футболшының сөзіне қарағанда, "Қайрат" фаворитке қарсы тайсалмай ойнап, бар күшін салуды мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, ойын Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. Қазір матчтың басталуына шамамен 3 сағат қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу