"Жоспардағы кемшілік": Әлихан Смайылов 335 млрд теңге ел қазынасына неге түспегенін айтты

230

Өткен жылдың қорытындысы бойынша едәуір кредиторлық берешек қалыптасқан.

"Жоспардағы кемшілік": Әлихан Смайылов 335 млрд теңге ел қазынасына неге түспегенін айтты Фото: Үкімет

2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджет түсімдері 335 млрд теңгеге орындалмады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжілістің жалпы отырысында 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды.

"Жалпы ішкі өнім бойынша болжамның 9 трлн теңгеге асыра орындалғанына қарамастан, бюджет түсімдері 335 млрд теңгеге орындалмады. Бұның бәрі жоспарлаудағы кемшіліктер мен салықтық түсімдерді  шамадан тыс оптимизммен болжау салдарынан орын алып отыр. Кірістерді жоспарлау кезеңінде оларды болжау әдістемесінің сақталмайтынын бұдан бұрын атап өткен болатынбыз. Асыра көрсетілген параметрлер және әдістемеде көзделмеген қосымша түсімдер қарастырылған", – деді Әлихан Смайылов. 

Аудиторлар болжамдарды шамадан тыс қалыптастыру алдағы кезеңдегі салық базасының кемуіне әкеледі деп отыр.

"Біздің бағалауымызша, 2026 жылғы төлемдердің 154 млрд теңгесі 2025 жылы тартылды және шамамен 900 млрд теңгеге қосылған құн салығы қайтарылмады. Алайда, бұл бюджеттің кірістерінің және шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз етпеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 244 млрд теңгеге жоспарланған қаржы бөлінбеді, сондай-ақ едәуір кредиторлық берешек қалыптасты. Бюджет тапшылығы мәселесі әлі де маңызды. Оны қысқарту бойынша жоспарлар қабылданған. Алайда, Жоғары аудиторлық палатаның бағалауынша, олардың орта мерзімді перспективада іске асырылуы екіталай", – деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу