Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын екінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, дәрменсіз мексикалықты арашалап алуға мәжбүр болды.
Батыр бастапқыда аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронмен кездесуі керек болатын. Бірақ бұл боксшы виза алуда қиындықтар туындап, қарсыласын ауыстырды. Батыр Жүкембаев бұл жекпе-жекте WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental чемпиондық атақтарын қорғауы керек болған. Бірақ кейіннен отандасымыз рейтинг үшін жұдырықтасатыны белгілі болды.
Ермұхамед Мәулен