Жүлде қоры – 94 400 000 теңге: Алматыда бәйгеден ел чемпионатының финалы өтеді

328

Бұл туралы қалалық спорт басқармасы хабарлады.  

Жүлде қоры – 94 400 000 теңге: Алматыда бәйгеден ел чемпионатының финалы өтеді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы ипподромында 10 қазанда бәйгенің бірнеше түрінен 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Чемпионаттың іріктеу кезеңдері Қазақстанның жеті өңірінде – Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылды.

Маусым бойы қатысушылар түрлі қашықтықта бақ сынап, Алматыда өтетін шешуші жарысқа жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады.

Чемпионат бағдарламасына құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, сондай-ақ Қазақстанда туған жылқыларға арналған арнайы жарыстар енгізілген.

Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 94 млн 400 мың теңге.

Күні: 10 қазан 2026 жыл

Басталуы: сағат 09:00

Өтетін орны: Алматы ипподромы, Омаров көшесі, 10А.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу